Бар әлемнен қымбат жансың үйдегі,
Сіздің дауыс - тәтті нота күйдегі.
Еш нәрсеге теңеуге де келмейді,
Анашымның маңдайымнан сүйгені.
Жыламашы, мен жылайын сүрініп,
Жаңа киген таза киім бүлініп.
Жанарыңа толса жастың тамшысы,
Шайсын оны «балам» деген бір үміт.
К/сы
Ана, Ана, Ана
Бар әлем бас иетін
Бар екен қасиетің.
Мені, Мені, Мені
Дәл сіздей сағынатын,
Жанымнан табылатын
Адам
Жоқ екен, ана, маған.
Өзіңдей бағалаған
Мені, Ана.
Сені сүю, құшақтау бақыт маған,
Тоқтайтындай жаныңда уақыт маған.
Ұға алмай жүрмісің бақыт сырын?
Анасы бар адамдар - бақытты адам!
Жыламашы, мен жылайын сүрініп,
Жаңа киген таза киім бүлініп.
Жанарыңа толса жастың тамшысы,
Шайсын оны «балам» деген бір үміт.
Ана, Ана, Ана
Бар әлем бас иетін
Бар екен қасиетің.
Мені, Мені, Мені
Дәл сіздей сағынатын,
Жанымнан табылатын
Адам
Жоқ екен, ана, маған.
Өзіңдей бағалаған
Мені, Ана.
Әлемнің жылулығы –
Анамның сұлулығы
Менің Анам!