Таудан биік, теңізден терең Әкем Еңбегіңіз елге еткен ерең әкем Адамзаттың асылы әз Пайғамбар Содан кейін тұрады менің әкем! Кешегі мен әкемнің бүгінімін Кекілін жел тараған құлынымын Алтын деген мен емес менің әкем Мен алтынның жәй ғана сынығымын! Судан таза, қардан да аппақ арың Ала жібін ешкімнің аттамадың Менің әкем мың жылда бір туатын Ұлы адам деп бәріне мақтанамын! Әке асқар тау екенін беске білдім Ізіне еріп бала боп көшке кірдім Тауға шығу мен үшін қиын емес Мен әкемнің мойнында өскен ұлмын!